Жаңалықтар

ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНДА 2021 ЖЫЛҒЫ 11-29 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА «Б» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК БАСШЫ ЛАУАЗЫМЫНА АЛҒАШ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫ ӨТТІ.

Жобаларды дайындау және қорғау тыңдаушылардың қажетті құзыреттерін дамытуға көмектеседі – көшбасшылық, стратегиялық жоспарлау, ынтымақтастық, жеделдік, командада жұмыс істей білу, талдау және шешім қабылдау. Курсты аяқтау нәтижесі жобалық жұмыстарды қорғау болды.⠀

Жоба тақырыптары:

  • Красный яр ауылында қосымша блок-модульдік қазандық орнату.
  • Жақсы-Моховое жолын салу кезінде техногендік шлактарды пайдалану.
  • «Aqmola.goszakup.kz» жобалық кеңсені құру.

Алдағы жұмыста сәттілік және жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін тілейміз!