Бүгін қайта даярлау курстары тыңдаушыларының екі тобы оқуын аяқтады. 3 апта бойы мемлекеттік қызметшілермен Ақмола облысының үздік жаттықтырушылары жұмыс істеді.
Тыңдаушылар түрлі кейстерді талдады, жаңа дағдыларды игерді, практикалық тапсырмаларды орындады және тестілеуден өтті. Қорытынды жобалық жұмыстарды қорғау болды.
Тыңдаушылар жобалық қызметтің маңыздылығын және алған білімнің өзектілігін атап өтті.
Ынтымақтастық пен белсенді қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Баршаңызға алған барлық біліміңізді іс жүзінде қолдануға сәттілік тілейміз!