03-07 қазан аралығында «Жобаларды басқару: ISO – 21500 сертификаттауға дайындық» семинары өтіп жатыр.
СЕМИНАР БАҒДАРЛАМАСЫНДА:
Жобалық менеджмент ұғымы. Мемлекеттік секторға жобалық менеджментті енгізудің халықаралық және отандық тәжірибесі.
ҚР Ұлттық стандарты «ҚР СТ ISO 21500-2014 жобаларын басқару жөніндегі нұсқаулық».
Ұйымдастыру стратегиясы және жобалар. Деңгейлердің байланысы: Портфель. Бағдарлама. Жоба. Мүмкіндіктерді бағалау және жобаны бастау.
Жобаның қоршаған ортасы. Жобаны басқару. Жобалар және операциялық қызмет.
«ҚР СТ ISO 21500-2014 жобаларын басқару жөніндегі нұсқаулық» ҚР Ұлттық стандарты бойынша жобаларды басқару және сертификаттау емтиханына дайындық бойынша ұсынымдар әзірлеу.
САБАҚТЫ ЖҮРГІЗЕДІ:
Сәуле Ашотовна Мурзина – ҚР ISO жобалық басқармасы 21500, 21503, 21504 ұлттық стандарттары бойынша жаттықтырушы-кеңесші, PRINCE2 әдісі бойынша сертификатталған жобалық менеджер, сертификатталған жеке және командалық жаттықтырушы, Professional Coach ICU (International Coach Union), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын ілгерілету және іске асыру кабинетінің профессоры.