Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ БЕЛЛА ГАЗДИЕВА  «Н.Ә. НАЗАРБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ. БАЯНДАМА ЕЛБАСЫНЫҢ ЕЛДІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҺАНДЫҚ БАСТАМАЛАРЫНА АРНАЛДЫ.

Конференция Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен өткізілді.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Ақмола облысының әкімдігі, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Конференция жұмысына Іскерлік және ғылыми элитаның, дипломатиялық өкілдіктердің, аймақтық мемлекеттік жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Ресей, Түркия, Швейцария, АҚШ және т.б. елдердің сарапшылары қатысты.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтудағы бастамаларының рөлі мен маңыздылығын, халықаралық қатынастарды трансформациялау контекстінде аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін талқылауға сарапшылар қоғамдастығын және жас ғалымдарды тарту.

Бүгін, жаһандану мен интеграция жағдайында, әлем жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер алып отырған кезде, барлық жағдайлар жасалды, берік іргетас дайындалды, нақты бағдарлар мен стратегиялар айқындалды. Осының барлығы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының арқасында.