Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалы қызметкерлер мен тыңдаушылар атынан РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ арналған экскурсияға қатысты.

«Әдебиет және өнер мұражайы» 1989 жылы құрылды, келушілер үшін 1993 жылы 22 шілдеде ашылды. Көкшетау жерінің жазушыларының, мәдениет және өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына байланысты ескерткіштердің ғылыми-зерттеу мекемесі, мемлекеттік қоймасы болып табылады. Мұражай келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • фольклор және революцияға дейінгі әдебиет;
  • қазіргі әдебиет;
  • өнер;
  • қорлар бойынша ғылыми-зерттеу бөлімі;
  • экскурсиялық-бұқаралық және ағартушылық жұмыс.

Мұражай қорында 7000-нан астам экспонат бар. Олардың ішінде тұрмыстық және этнография заттары, жазушылардың жеке заттары, фотосуреттер, құжаттар, қолжазбалар және Е.Мырзахметов, С.Жүнісов, К.Салықов, И.Салахов, Б.Қанапьяновтың және т. б. қолтаңбалары бар кітаптар бар.