«ҚАЗЫБЕК БИ МҰРАСЫНДАҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ»
?«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалы «Development day» шеңберінде «Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары» тақырыбында диалог алаңын өткізді.
?Орта жүз Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан Қазыбек би 1665 жылы Қарқаралы өңірінде дүниеге келген. Оның әкесі — Келдібек би. Ол атақты шешен, халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы болып, шын мәнінде Орта Жүзіндегі мемлекеттілік пен заңның қорғаушысы болып табылған.
?Аталған іс-шарамызға тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының қоғаммен байланыс мәселелері жөніндегі кеңісшісі Аманбай Асылбайұлы Сейітқасымов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Қайратұлы Әбілев және Филиалымыздың тыңдаушылары қатысты. Іс шарамыз алғыс хатпен марапаттаумен аяқталды.