ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам өкілдері және жергілікті кәсіпкерлер үшін «ҚАЗАҚСТАНДА КӨШІ-ҚОНДЫ БАСҚАРУДЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ» семинарын өткізді, аталған семинар Халықаралық көші-қон ұйымы – БҰҰ Қазақстандағы көші-қон агенттігі және Мемлекеттік басқару Академиясы іске асырып жатқан бірлескен жоба шеңберінде Халықаралық көші-қон ұйымының Даму Қорының қолдауымен өткізіледі.
Аталған семинар-тренингтің мақсаты – Оңтүстік-Солтүстікті көшіру бағдарламасына қатысатын бенефициарларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру болып табылады.
Тренинг бағдарламасына сәйкес келесі бағыттар пысықталды:
- Осалдық факторлары және негізгі әлеуметтік кепілдіктер мен қызметтерге осал топтардың қол жетімділігіне байланысты проблемалар.
- Ішкі мигранттар тап болатын интеграция мәселелері.
- Оңтүстік-Солтүстік қоныс аудару бағдарламалары: деректерге шолу.
- ҚР-да мигранттарды біріктірудің құқықтық және институционалдық негіздері.
- Мигранттарға мақсатты көмек және т.б.
Семинар жұмысына қатысты:
АЙГҮЛ КӘКІМБЕКҚЫЗЫ СӘДУАҚАСОВА – ҰЛТТЫҚ САРАПШЫ.
Сертификатталған семинар тренерлері:
- АЛМА БОЛАТҚЫЗЫ БЕКЕНТАЕВА – МАГИСТР, БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ;
- СӘУЛЕ ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ ИСКЕНДИРОВА – ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР.
Оқыту жергілікті билік органдарына Оңтүстік-Солтүстік қоныс аударудың ағымдағы мемлекеттік бағдарламасын бағалау кезінде жергілікті қоғамдастықтарға қоныс аударушылардың институционалдық интеграциясын қамтамасыз ету жөніндегі өз мүмкіндіктерін күшейтуге мүмкіндік береді.