Жаңалықтар

МӘСЛИХАТТАРДЫҢ РӨЛІ МЕН ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

Джумадильдаева Наталья Васильевна  қазақстандық саяси қайраткер, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылымының депутаты, «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» семинары аясында Ақмола облысының депутаттары үшін бірқатар сабақтар өткізді.

Наталья Васильевна саяси, кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Парламент Мәжілісінің заңнамалық қызметін, заң жобаларын талдап, Мәжілістің халықаралық ынтымақтастығы туралы әңгімелесті.

Азаматтардың хаттары мен өтініштері және т.б. бойынша жұмыс ережелері түсіндірілді.