Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалы пилоттық онлайн-семинар өткізді!
«Мансаптық жоспарлау талант менеджмент құралы ретінде»
СЕМИНАР МАҚСАТЫ:
Персоналды және жоспарлау құралдарын дамытуды терең зерделеу негізінде таланттарды басқару құралы ретінде мансаптық жоспарлау мәселелері бойынша практикалық құзыреттіліктерді арттыру.
Өткізу форматы: семинар онлайн-платформалардың бірінде өтті, онда семинар атауы бойынша чат құрылып, қатысушылар кесте бойынша қосылады.
Әр қатысушымен бейне байланыс орнатылады. Семинар барысында тыңдаушылар материалды толық меңгеру үшін таңдалған онлайн-платформаның құралдарын пайдаланады.
Мұндай құралдарға жатқызуға болады:
- Дыбыспен бірге экранды пайдалану.
- Мәтін, суреттер және аудиолармен алмасу үшін топтық чат жасау. ⠀
- Экранды көрсету.
Өкінішке орай, байланыс сапасы мен онлайн-платформалардың жүктелуі материалдың бейнесі мен көрінісінің сапасына теріс әсер етуі мүмкін, бірақ осыған қарамастан, оқытудың осы форматының ұтқырлығы мен икемділігін қазіргі контексте асыра бағалау қиын.
Филиал қызметкерлері әр тыңдаушыға жеке кеңес беріп, жан-жақты қолдау көрсетуде.
Бүкіл семинарды IT-мамандар, сарапшылар мен әдіскерлерден тұратын топ сүйемелдейді.
Семинар өткізуді ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін Кәсіби даму институтына алғысымызды білдіреміз.