«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалы шақырылған лекторлар/жаттықтырушылар үшін ақылы қызметтер туралы келісім-шарт бойынша 2020 жылға арналған оқу модулдерін / пәндерін өткізуге келесі тақырыптар бойынша конкурс жариялайды:
(БА тақырыптары)
1.Мемлекеттік қызметтердің сапасын басқару(мемлекеттік тілде).
2.Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәжірибесі.
3.Мемлекеттік қызметшілер қызметінде әлеуметтік желілер мен SMM құралдарын пайдалануы.
4.Экономикалық және қаржылық процестерді басқарудың заманауи тәсілдері
5.Мемлекеттік басқарудағы сандық инновациялар.
6.Басшының тиімділігі: қызметті басқару және ұйымдастыру (мемлекеттік тілде).
7.Әдеп және парасаттылық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент (мемлекеттік тілде).
8.Құзыреттіліктерді дамыту. Шешімдер қабылдау. Жеделдік (мемлекеттік тілде).
9.Әкімшілік құқық бұзушылық кезінде әкімшілік айыппұлдарды қарау және салу тәртібі.
10.Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Тиімді коммуникациялар.
11.Құжаттамалық қамтамасыз ету: мұрағаттық сақтау және сандық инновациялар (мемлекеттік тілде).
12.Мемлекеттік мекемелердегі негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығару.
13.Салықтар және салық салу.
14.Мемлекеттік саясат және халықты әлеуметтік қорғау жүйесі (мемлекеттік тілде).
15.Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру (мемлекеттік тілде).
16.Ақпараттық саясат және киберқауіпсіздік.
17.Жергілікті өзін-өзі басқару және бюджеттің IV деңгейіне көшу (мемлекеттік тілде).
18.ТЖ (дүлей апаттар, өрт, антитеррор) мемлекеттік қызметшінің іс-қимыл алгоритмі.
19.Коммуналдық мүлікті басқару.
20.Ауылдық округ әкімдігіндегі бизнес-үдерістердің тиімділігі мен оңтайландырылуы.
21.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда әскери есепке алуды ұйымдастыру.
22.Бухгалтерлік есеп және есеп беру.
23.Ауылдық округ әкімінің кәсіби құзыреттерін дамыту.
24.ЖАО-дағы бухгалтерлік есеп және есеп беру.
(ҚД тақырыптары)
25.Көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру.
26.Ақпарат және киберқауіпсіздік.
27.Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту.
28.Киберқауіпсіздік негіздері.
29.Мемлекеттік органдарда құжаттамалық қамтамасыз ету.
30.Мемлекеттік қызметтегі этикалық аспектілер.
31.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент.
32.Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесі.
33.Тәуекел менеджмені.
34.Аналитика: аналитикалық жазбаларды қалай жазу керек.
Байқауға қатысу үшін үміткерлер келесі өлшемдерге сәйкес келуі керек:
1) мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе және/немесе тренингтер өткізу тәжірибесі (бизнес және қоғамдық сектор) кемінде 2 жыл;
2) жоғары білімнің, магистр дәрежесінің және / немесе PhD дәрежесінің болуы;
3) ұсыныс хаттар (мүмкіндігінше).
2020 жылдың 23 қаңтарына дейін үміткерлер o.fedorova@apa.kz электронды поштасына келесі құжаттарды жіберуі керек:
– Резюме және семинардың немесе курстың пәнінің таңдалған тақырыбы бойынша қысқаша мазмұндама және презентация материалы (шаблон бойынша https://drive.google.com/open?id=1zb7oZ6cKp3Hd5CESeylzvj1u8n0w1JF1)
Барлық сұрақтар бойынша: 8 (7162) 40-13-68, 8 (7162) 40-13-69 хабарласыңыз.
Конкурс 2020 жылдың 24 қаңтарында сағат 10.00-де Көкшетау қ., Абай көшесі 87 Б, 3 қабатта өтеді.