«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалы 2022 жылға арналған ақылы қызмет көрсету шарты бойынша шақырылған дәріскерлер/тренерлер үшін оқу модульдерін/ пәндерін өткізу бойынша конкурс жариялайды.
Сіздерді 2022 жылғы 11 қаңтар күні Абай көшесі 87Б мекен-жайы бойынша күтеміз.
2022 жылғы 13 қаңтарға дейін түйіндеме мен презентацияларыңызды ұсыну қажет.
Конкурстық іріктеу мәселелері бойынша байланыс:⠀
Akm.info@apa.kz⠀
Whatsapp: +7(705) 42 63 396⠀
8(7162) 25 64 42
Келесі пәндер бойынша іріктеу:
- Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен имиджі.
- Басқарудағы коучингтік технологиялар.
- Ең алдымен-адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары.
- Мансап және отбасы: тепе-теңдікті қалай сақтау керек?
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс.
- Бизнес-процестерді оңтайландыру.
- Деректерді визуализациялау және талдау.
- Мемлекеттік органдардағы HR менеджменттің стратегиялық құралдары.
- Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500-2014 сертификаттауына (Жоба басшысы) дайындық.
- Мемлекеттік органдардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. МСҚЕХС.
- Коммуникациялық менеджмент.Блоггинг. Сторителлинг.
- Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-мен өзара әрекеттесу.
- Ақпараттық қауіпсіздік. Технологиялар және құралдар.
- Іс жүргізу: ресми және қызметтік хат.
- Ресми жазылым және мемлекеттік тілде құжат дайындау.
- Жанжалдарды реттеу және этномедиация.
- Мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттерін дамыту.
- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің ережелерін қолдану тәжірибесі.
- Мемлекеттік органдардағы бухгалтерлік есеп және есептілік.
- Әлеуметтік саясат. Аймақта әлеуметтік жобаларды іске асыру: жобалық тәсіл.
- Қаланы басқаруындағы инновациялар:ТҮКШ, сәулет, құрылыс.
- Ауылдық аумақтарды басқарудың тиімділігі.
- Мемлекеттік қызметтер: аймақтық тәжірибе және негізгі мәселелер.
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда әскери есепке алуды ұйымдастыру.
- Өзгерістерді басқару мен мемлекеттік сектордағы инновациялар.
- ТЖ-дағы мемлекеттік қызметшінің іс-қимыл алгоритмі.
- Инклюзивті қоғам – сананың өзгеруі.
- Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы.
- Жергілікті өзін-өзі басқару: аумақтың кешенді дамуының негізі.
- Халық үніне құлақ асатын мемлекет: ішкі және сыртқы коммуникациялар.
- Мемлекеттік қызметтердің нәтижелілігін басқару.