«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалы профессорлық-оқытушылық құрамының бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды: ❗ПРОФЕССОР.❗
⠀
Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі 2021 жылғы 11-25 қазан аралығында.
⠀
Біліктілік талаптары:
Профессор – PhD докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік жоғары оқу орнының) не ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызметте (мүмкіндігінше Қазақстанның шетелдік немесе жоғары рейтингілі жоғары оқу орындарында) және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе Филиал бейіні бойынша жоғары басқару буынының басшылық лауазымдарында практикалық жұмыста кемінде 8 жыл жұмыс өтілінің болуы.
⠀
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар академия филиалы директорының атына өтініш (еркін нысанда) береді.
⠀
ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:
⠀
қолма-қол немесе пошта арқылы: akm.info@apa.kz
⠀
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, Б
⠀
Тел: 8 (7162) 256442, 8(705)42-49-605