Жаңалықтар

«Memlekettik qyzmet: quick wins» идеялар фабрикасы

Академияда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Ж. Шпекбаевтың бастамасымен «Memlekettik qyzmet: quick wins» идеялар фабрикасы брейнстормингі болып өтті. Сондай-ақ, іс-шараға Агенттік Төрағасының орынбасары А.А. Шайымова, Академия ректоры Ф.Н. Жақыпова, Агенттіктің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжанов және Агенттік пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері қатысты.

Брейнстормингтің мақсаты нақты жобаларды одан әрі іске асыру үшін идеяларды іріктеу болып табылады. Бұл іс-шарада Академияның қызметкерлері мен тыңдаушылары мемлекеттік басқару саласында 10 әртүрлі идея ұсынды.

Брейнстормингтің қорытындысы бойынша Агенттік Төрағасы А.Ж. Шпекбаев таныстырылған әр идеяға баға берді.

Айта кету керек, мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, оның қорытындысы бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін нақты жобалар жүзеге асырылатын болады.