Жаңалықтар

МБА ФИЛИАЛЫ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ МҮШЕСІМЕН КЕЗДЕСУІ

 

 

Резервке алғашқы іріктеу 2019 жылы өтті, оның қорытындысы бойынша 300 резервші іріктелді. Солардың бірі – жақында Шортанды ауданы әкімінің орынбасары лауазымына резервтен тағайындалған Тимур Айдарұлы Жазитов.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының алаңында Тимур Жазитовтың өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қонақ өзінің еңбек қызметі, ПЖКР-не іріктеу қалай өткендігі және оған неге қатысуға шешім қабылдағаны туралы айтып берді. Оның айтуынша, жоба жастарға жаңа тәсілдерді енгізуге, ең жақсы қабілеттерін көрсетуге, халықтың өмірін жақсартуға күш пен білім бағыттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, спикер жетекшілік ететін салаларды дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі өз жоспарларымен бөлісті.

Тимур Жазитов Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын, Алматы Экономика және статистика академиясын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы қызметінен бастады. Содан кейін жергілікті және орталық атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Шортанды ауданының әлеуметтік саласына жетекшілік етеді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сындарлы диалог өтті.