Қайырлы күн, құрметті достар!
Әлем үлкен жылдамдықпен өзгеруде, заттардың үйреншікті тәртібі тез ескіруде және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өз дағдылары мен құзыреттерін үздіксіз дамыту қажет.
Сіздің бәсекелестік артықшылықтарыңыздың бірі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу болуы мүмкін!
Жақында Академияның магистратурасы мен докторантурасына түсуге құжаттар қабылдау басталады.
Жаңа мүмкіндіктер туралы ойланудың уақыты келді!
@apa.kz ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА
Академияда оқу кезінде сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз:
- Кәсіби және жеке құзыреттілікті арттыру.
- Үздік отандық және әлемдік сарапшылардан білім алу мүмкіндігі.
- Өндірістен қол үзіп және қол үзбей білім беру бағдарламалары.
- Достық, бәсекеге қабілетті команда мүшесі болу мүмкіндігі
Бұдан басқа:
- Академиядағы оқу уақыты мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.
- Ботаникалық баққа жақын орналасқан жайлы жатақхана.
- Оқу кезеңінде жұмыс орнын сақтау.
- Лауазымдық жалақы мөлшеріндегі стипендия.
Оқыту бағдарламалары туралы толығырақ келесі посттарда айтып береміз.
Біздің байланыс:
Akm.info@apa.kz
Тел: 8(7162)40-13-69