Жаңалықтар

БІЗДІҢ КОМАНДА

Біз тату ұжымның жаңа мүшесі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Мақпал Мұратқызы Шалабаевамен таныстырғымыз келеді.
Мақпал  Болашақ бағдарламасының түлегі (Сингапур ұлттық университеті, магистратура, Master of Computing, School of Computing. Trade Asia pte.ldt (Сингапур) компаниясында тағылымдамадан өтті (бизнес-контент жасаушы).
Мақпал киберқауіпсіздікке, бизнес-процестерді цифрландыруға, бұлтты технологияларға, деректердің визулизациясына маманданған.
Біздің командада ол жақында ғана жұмыс істей бастады. Оған жемісті жұмыс және кәсіби табыс тілейміз!