Жаңалықтар

БАСҚАРУДАҒЫ КОУЧИНГТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР

07-11 ақпан аралығында Ақмола облысы бойынша МБА филиалында мемлекеттік қызметшілерге арналған «БАСҚАРУДАҒЫ КОУЧИНГТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР» семинары өтуде.

Мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің жеке және кәсіби тиімділігін арттыру үшін қазіргі заманғы басқару стилі ретінде коучингті игеру.

Семинарда коучинг моделі жеке адамның және жалпы команданың мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін кеңес берудің, тәлімгерліктің жаңа түрі ретінде қарастырылады.

Сабақтарда тыңдаушылар келесілерді зерделейді және талдайды:

  • мемлекеттік органдарда коучингті қолдану мүмкіндіктері;
  • коуч-басшының біліктілігі мен сапасы;
  • коучинг басқару стилі ретінде;
  • коучинг құралы ретінде тиімді сұрақтар;
  • коучинг және өмір, тұлғалық және кәсіби даму салаларының диагностикасы;
  • трансформациялық коучинг, команданы дамыту және тағы басқалар.

Практикалық кейстерді шешу семинар қатысушыларына алған дағдыларын іс жүзінде талдап, қолдануды үйренуге көмектеседі.