Жаңалықтар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Ашық есік күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті және Гуманитарлық-техникалық академиясының студенттері келіп, Департаменттің әрбір құрылымдық бөлімшесінің қызметімен, оның ішінде Мемлекеттік қызметке түсу тәртібімен танысты.

Іс – шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, ашықтықты арттыру, департаменттің ішкі қызметімен таныстыру.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының ғимараты бойынша филиал директоры – Белла Асланбековна Газдиева қызықты экскурсия өткізді. Студенттер мемлекеттік қызметшілердің оқу бағдарламалары, семинарлары мен шарттары туралы толық ақпарат алды, кітапхана және интерактивті мультимедиа жүйелерімен жабдықталған оқу аудиторияларында болды.