Жаңалықтар

Ақмола облысы бойынша МБА филиалы қабырғасында «Мемлекеттік қызметтегі заманауи сын-қатерлер мен трендтер» тақырыбында конференция өтті

?20 маусымда Ақмола облысы бойынша МБА филиалы қабырғасында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған «Мемлекеттік қызметтегі заманауи сын-қатерлер мен трендтер» тақырыбында конференция өтті.

?Конференцияға қатысты:
Қадырова Маргарита Бөлегенқызы – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының академиялық қызмет жөніндегі вице-ректоры;
Тайжанов Азамат Айтбайұлы – Ақмола облысы әкімінің орынбасары;
Әбілев Думан Қайратұлы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы;

 

?Модератор:
Газдиева Белла Асланбековна – ҚР Президенті жанындағы МБА Ақмола облысы бойынша филиалының директоры

?Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1) «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру»
2) «Мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық менеджментті енгізудің өзекті мәселелері»
3) «Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау және дебюрократизациялау»