Жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ КОМПЛАЕНС

Семинар 2022 жылғы 28 наурыз – 01 сәуір аралығында өтеді.

 Мақсаты: ұйымдарда комплаенс саясатының, рәсімдер мен бақылаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін құру тетіктері туралы білім кешенін қалыптастыру.⠀

Семинарда мыналарды зерттейді және талдайды:

  • ⠀Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты. Негізгі бағыттар мен жаңа тәсілдер.
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау: қолдану негіздері.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: трансформация немесе эволюция.
  • Парасаттылық мемлекеттік қызметшінің негізгі құзыреті ретінде.⠀
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс: халықаралық тәжірибе.⠀
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің құқықтық реттеу тәсілдері.⠀
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу.⠀
  • «ISO 37001» талаптары және мақсаттарды анықтау.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджментті енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұйымдардағы комплаенс және тағы басқалар.

Семинарларды ұйымдастыру мәселелері бойынша тиісті байланыстар:⠀

Пошта: Akm.info@apa.kz

8(7162) 25 64 42