Жаңалықтар

«Қазақстан: көші-қонды басқаруды және жұмыс күшінің ұтқырлығын жетілдіру»

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Халықаралық Даму Қоры мен көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның қолдауымен «Қазақстан: көші-қонды басқаруды және жұмыс күшінің ұтқырлығын жетілдіру» тақырыбында бірлескен жобаны іске асыруда.

Осы жоба аясында, ағымдағы жылдың 28-29 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметшілерге, азаматтық қоғам өкілдері мен жергілікті кәсіпкерлерге арналған «Қазақстан: көші-қонды басқаруды және жұмыс күшінің ұтқырлығын жетілдіру» тақырыбында өтеусіз негізде сертификаттар бере отырып, ұзақтығы 16 академиялық сағат болатын семинар-тренинг өткізеді.

Аталған семинар-тренингтің мақсаты Оңтүстік-Солтүстікті көшіру бағдарламасына қатысатын бенефициарларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру болып табылады.

Оқыту жергілікті билік органдарына Оңтүстік-Солтүстік қоныс аударудың ағымдағы мемлекеттік бағдарламасын бағалау кезінде жергілікті қоғамдастықтарға қоныс аударушылардың институционалдық интеграциясын қамтамасыз ету бойынша өз мүмкіндіктерін күшейтуге мүмкіндік береді.⠀

ТІРКЕЛУГЕ АСЫҒЫҢЫЗ! ОРЫНДАР САНЫ ШЕКТЕУЛІ!⠀

Семинарлар ұйымдастыру мәселелері бойынша байланыс:

Whatsapp:⠀

+7(705) 42 63 396

8(7162) 25 64 42