Ualikhanov University-де «Парасаттылық мектебінің» түлектеріне қорытынды іс-шара өткізіліп, сертификаттар табыс етілді.
«Парасаттылық мектебінде» оқуды университет Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалымен бірлесіп ұйымдастырды.
Бекітілген жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың жалпы алдын алуға, академиялық парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тақырыптар қаралды. Сабақтардың 20 сағаттық курсы өткізілді.
Тыңдаушылар әлеуметтік белсенді студенттер және олардың ата-аналары болды.