Құттықтаймыз!
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аяқталды! Жобаларды қорғағаннан кейін:
- «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту – прогрессивті мемлекеттік басқару»
- «Атбасар ауданы әкімінің аппараты «ММ, «Атбасар ауданы Новосельское селосы әкімінің аппараты» ММ, «Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Бұланды ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ келушілерге қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін «Ауыз су диспенсерлерін орнату»
- Қызметкерлердің күн тәртібіне «Fitness Break» бағдарламасын енгізу («Бурабай ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Сандықтау ауданының білім бөлімі» ММ, «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мысалында»)
- «Экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында пайдаланылған қағазды жинау жүйесін дамыту және мемлекеттік органдарға енгізу»
- «Жалғыз тұратын қарт адамдарға кешенді көмек енгізу»
- «Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағын ауданында заманауи қоқыс контейнерлерін орнату бойынша пилоттық жоба»
Тыңдаушылар «Жасыл Академия» жобасы аясында электронды түрде куәлік алды.
Барлықтарыңызға жобаларды табысты іске асыруды және алған білімдерді жұмысыңызда енгізуді тілейміз!